Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

BASF «Kids’ Lab: Clever Foodies»

27 желтоқсанда Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте BASF  химиялық неміс концерні BASF «Kids’ Lab: Clever Foodies» жаһандық бағдарламасы аясында 6 сынып оқушылар үшін химия пәні бойынша интерактивтік ашық сабақ өткізді.

Ағылшын тілімен "Foodies" деп, өндірістік азы-түліктерге үлкен маңызы беретін адамдарды атайды, ақпараттық таңдау жасайтын және жақсы тағамнан үлкен ләззәт алатын адамдар. Оның барлығы сауатты тағамдандыру рационын құрастыру үшін қажет әдеттер.  Оқушылар "Clever Foodies" бағдарламасындағы Kids’ Lab зертхананың қатысушылары болды, онда қызықты химиялық эксперименттер жүргізілді. Сабақтың негізгі сұрағы: «Неге жемістер мен көкөністер түрлі-түсті және денсаулыққа қалай пайдалы?». Бағдарлама балаларды не жеу керектігі туралы ойландырады, сонымен қатар әр түрлі заттарды қарапайым талдауға үйретеді. Сабақ мақсаты – қызықты өзіндік эксперименттер өткізу арқылы азық-түліктің тағамдық құндылықтары мен сауатты тамақтану туралы ақпараттығын арттыру.  "Clever Foodies" бағдарламасы балалар химиялық BASF (BASF Kids’ Labs) концепциясының 20-жылдық мерейтойын мерекелеуге 2017 жылы әзірленген. Kids'Lab жобасы 20 жыл бұрын Германияда Людвигсхафен қаласында құрылған, онда BASF концерн штаб-пәтері орналасқан. Сол жылдардан балалар зертханасы химиялық эксперименттер өткізу үшін Германияда және одан да басқа елдерде балалар мен ересектер арасында әйгілігі болып табылды. Бүгінгі таңда BASF балалар зертханасына әлемнің 40 елдерінен жас ғалымдар шақырылады, Қытай, АҚШ, Австралия, Сингапур, Индия, Жапония, т.б. европалық елдерінен.


 «BASF концерні туралы»

 ВASF орнықты болашақ мақсатында химияны құрайды.  

«BASF» – дүние жүзінде аса ірі химиялық концерн. Концерн ұсыныстарының портфеліне химикаттар, пластмассалар, арнайы химикаттар, өсімдіктерді қорғау құралдары, сондай-ақ мұнай мен табиғи газ кіреді. Өз қызметінде «BASF» экономикалық табыстар, әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйлестіреді.

 2016 жыл қорытындысы бойынша  BASF сату мөлшері  58 млрд евро құрады. BASF акциясы Франкфурт (BAS), Лондон (BFA) және Цюрих (BAS) қорындағы биржаларда саудаласады. BASF концерн туралы толық ақпаратты www.basf.com сайтында аласыздар.



Просмотров: 335

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год