«О АДАМДАР, БІРГЕМІН МЕН СЕНДЕРМЕН...» Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің ұрпақтары Салтанат, Айнар, Хусни Айбергеновалар, Астана қаласы білім басқармасының бас маманы К.І.Баяхметбаева, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Шаханова, жазушы, сазгер Оспан Сүлейменов, ақынның мемориалдық мұражайының авторы Ерсайын Нарымбаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын,сазгер Е.Ә.Тілепбердиев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,филология ғылымдарының кандидаты, ақын Маржан Ершу, жазушылар одағының мүшесі Казина Нұрқанова, «Қазақ ұстазы» журналының бас редакторы Л.Алдабергеновалар қатысты.
«Мен де өзімше жаратылыс сияқтымын бөлек бір,
Көзім жұлдыз, ал маңдайым тау шыңындай ерек тұр,
Жүрегім-күн, ойым-өзен күмбір-күмбір тасыған,
Сол өзенді мен күніге мың тасытып, басылам»-, деп жырлаған Төлеген ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты
.
Нағыз поэзия иесінің том-том кітаптарының қалыңдығымен немесе санының көптігімен бағаланбайды. Ұрпақ жаңарған сайын ақынға деген тағзым да қайталанады. Төлеген Айбергеновтің жалын жырлары, жанам деген жүрекке от беретін, асау арман, асқақ поэзия, біздің дәуіріміздің шындығындай, арыны асау армандарға бастап, болашақпен жалғаса береді. Салтанатты жиынды бастаған мектеп директоры Б.К.Айтмухаметова келген қонақтарды мерейтоймен құттықтап, биылғы оқу жылындағы барлық жетістіктер ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арналғандығын, оқу-тәрбие ісінде Айбергенов салған сара жолдың өшпейтінін атап айтты.
Іс-шарада оқушылар ақынның жырларын оқып, өлеңіне жазылған әндерді орындады. «Айбергенов әлемі» тақырыбында өткен эссе,
«Төлеген мұрасы – жастар назарында» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік сынағынан өткен зерттеу жұмыстарының ең үздіктері оқылды. Бүгінгі күнде Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған, елімізге танымал әнші Роза Әлқожаның «Атамекен» әні алғаш рет мектептің әнұраны ретінде орындалды. Ақынның қыздары, асыл әкенің ұрпағы артына өшпейтін мұра қалдырған өлеңдерін жыр сүйгіш қауымға тебірене оқып, бүгінгі өткен іс-шараға өз ризашылықтарын білдірді. Соңында, өздерін жан-жақты қырынан таныта білген,түрлі байқаулардың жеңімпаздары, аталған іс-шараға белсенді қатысқан ата-аналарды, жақында өткен «Шаттық» фестивалінің дипломанттары, білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздар қауымы естелік төсбелгімен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Просмотров: 872
Комментарии