Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Төлеген Айбергенов-жастар назарында» атты ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін,16.02.2017ж. Т.Айбергенов мектебінде ақынның 80 жылдығына орай «Төлеген Айбергенов-жастар назарында» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: оқушыларды ғылыми зерттеуге үйрету, ақынның өміріне,шығармашылығына зерттеу жүргізу. 
Конференцияға іріктеу кезеңінен өткен 12 оқушы қатысты. Оқушылар Т.Айбергеновтің өмірі,шығармашылық жолы туралы өздерінің ізденушіліктерін көрсете білді. Мысалы; 8-сынып оқушысы Жапелов Абылайхан мен 7-сынып оқушысы Седунова Кристина ақынның «Өсіп келе жатырмын» өлеңі мен орыс ақыны Агня Бартоның «Я расту» өлеңіндегі үндестік пен лирикалық кейіпкер өзі екенін зерттесе,Мағжан Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңіндегі жастықтың қадірін білу, өнер қуып,надандықтан жирену керектігін айтады. Сондай-ақ, 8-сынып оқушысы Оңлабек Сымбаттың жұмысындағы Т.Айбергенов өлеңдеріндегі адам мен табиғаттың үндесітігін тани білгендігі қуантты. 9-сынып оқушысы Маман Дина Т.Айбергенов пен ақиық ақын М.Мақатаев өлеңдеріндегі табиғаттың тылсым тұнық бояуын тілмен суреттеуі,екі ақынның өмірін байланыстырған шығармашылық көзқарастары екенін зерттей білген. 7-сынып оқушысы Асылхан Аяулым Төлеген Айбергенов поэзиясындағы поэтикалық рух,  асқақ романтика, сарқылмайтын сағыныш туралы тереңнен толғаган зерттеуі сәтті шықты. 9-сынып оқушысы Алпысова Маржанның жұмысындағы Т.Айбергеновтің лирикалық жырларының ұлы Абайдан бастау алған табиғатты жырлаудағы ерекшеліктерімен үндесіп жатқанын зерттей білгені  көңілден шықты. 7-сынып оқушысы Тайшығараев Айдынның «Ақ ерке-Ақ жайық» әнінің шығу тарихын зерттегені, оқушылардың жалпы зерттеуге талпыныс жасауы,қызығушылық тудырғаны ғылыми жетекшілерінің «Ғылыми жоба» жазуға баулығандығының нәтижесі деуге болады.

  Дайындаған: Жусипова Г.Ж




Просмотров: 808

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год