28.01.2017 ж .Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде қазақ поэзиясы аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып өткен, ақиық ақын-Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты лездеме өтті. Төлеген Айбергенов-қазақ поэзиясында бар болғаны сегіз-тоғыз жыл қалам тербеген жыр-ауылына, жыр арнау анасына ауыр жүк артып, жыр- тұлпарына мініп, жыр-қыран құсын ұшырған құсбегідей- тегеуірінді талант. Құттықтау сөзді мектеп директоры Айтмұхаметова Балжан Кайыртайқызы бастап, арнайы шақырылған «Қазақстан әйелдері» журналының директорының орынбасары Мара Келес ханым ақынға деген жылы лебізін білдірді. Оқушылар Т.Айбергенов туралы ақын жазушылардың пікірлерін айтса, 1 сынып оқушылары өлеңдерін жатқа айтты. Бүгінгі күннен бастап , Т.Айбергеновтің сөзіне жазылған «Атамекен» әні мектептің әнұранына айналып, лездеме соңында айтылды.