30 қарашада ағылшын тілі мұғалімі Салтанат Галымовна Кубентаева «Атамекен-Қазақстан картасы» этностық-мемориалдық кешені мен Астана қаласының Білім басқармасы өткізген «Ең үздік сабақ» байқауы аясында 10 сыныпта «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы» (“The 25 years of the Independence of Kazakhstan”) тақырыбына сабақ өткізді. Сабақ топтық формада және әр топта өз тапсырмасы болды. 1 топ «Қазақстанның қалыптасу тарихы. Рәміздер» презентациясын даярлады. 2 топ - «Географиялық орналасуы. Астана», 3 топ – «25 жылғы Қазақстанның жетістіктері». Топтардың баяндамасы ақпараттық, маңызды және қызықты болды, ал 3 топ Қазақстан жетістіктері және біздің мектептің дарынды балалары мен спортсмендері туралы айтты. Тұсаукесерден кейін күнтізбе құрылды.
Балалар өздері қандай ізгі істер жасайды, қандай үлес қосатындығын айтты. Топтар «Қазақстан 25 жылдан кейін» тақырыбы бойынша макет даярлады. 1 топ - «Болашақ Қазақстанның сәулеті» 2 топ – «25 жылдан кейінгі Қазақстан білім» 3 топ – «Қазақстан экологиясы». Оқушыларға «Қазақстан картасы» пазлы таратылды, онда балалар өз еліне деген тілектерін жазып және Қазақстан картасын жинау керек болды.