Бесінші сынып оқушылары күзгі мерекелерде өз қабілеттерін, актерлік, вокалдік шеберліктерін көрсетті.
5 «а», «б» сынып оқушылары қазақ халқының егін жинаудағы еңбекқорлығы және қонақжайлығын көрсетті, 5 «в» сынып оқушылары көрермендерді дұрыс тамақтандыру және көкөністердің пайдалығын айтты, 5 «г» сынып оқушылары «ағылшынша» шалқанды тартты, 5 «д» сынып оқушылары көкөністерді дұрыс сақтау және жинау маңыздығын көрсетті, 5«з» сынып оқушылары ертегілер шеруін «Алма қапшығы» көрінісімен аяқтады. Балалар өнім қорымен бөлісудің маңыздығы мен адамдар бір-біріне жасаған жақсылық туралы айтты.
«Алтын күз» байқаудың қатысушылары өз сыйлықтарын алды. Ең үздік суретшілер өз дипломдарын мақтанышпен қабылдады, өйткені олардың еңбектері барлық мектептің назарында болды. Барлық байқауға қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық жеңіс тілейміз!