1 «в» сыныпта білім мазмұнын жаңартуы бойынша жаратылыстану пәнінен «Қандай жануарлар болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жас балаларға ғылым әлеміне бару жолын бастауыш сынып мұғалімі Зауреш Әкімқызы Жакупова көрсетті. Ол қарапайым тәжірибе жасауға үйретті. Негізгі сөздерді балалар үш тілде үйренді. Оқушылар енді оқуды бастады, бірақ олар топпен жұмыс істеуді, талқылауды, бір-бірін бағалауды біледі. Сабақ барысында оқушылар жануарларды зерттеді және балалар қорытынды жасады, жануарлар екі топқа бөлінеді: жабайы және үй жануарларына. Салыстыру негізінде балалар жануарлардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын білді. «Ойлан» тарауында балалар жабайы жануарлар үй жануары болғандарын дәлелдеді. Сабақ соңында жас зерттеушілер өздерінің постерлерін көрсетті. Рефлексия қорытындысы бойынша, сабақ өті қызықты және танымды өтті.
Осындай сабақтарда оқушылар өз білімге құмарлықтарын, зерттеушілік дағдыларын дамыта алады.