Бастауыш сыныптар арасында мектепішілік олимпиада қазақ тілі, математика, дүниетану пәндерінен өтті.
Жалпы 2-4 сыныптар арасынан 90 бала қатысты. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық білім деңгейін анықтау. Қазақ тілінен 2 сыныптар арасында диктант, 3 сыныптар арасында мазмұндама, 4 сыныптар арасында шығарма жұмыстары жүргізілді. Математикадан логикалық есептер шығарылды. Дүниетану пәнінен барлық аталған сыныптар арасында тест тапсырмалары орындалды.