2016 жылдың 23 қыркүйегінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Даулетжанқызы Мадина, Каманур Айзат 6 сыныптар арасында Тіл күні мерекесіне орай “The field of miracle” атты лингвистикалық ойын өткізді. Іс-шара өз деңгейінде өтті. Жасалған іс-шара үш тілді қамтыды: қазақ, орыс, ағылшын. Бұл ойын әйгілі телешоу «Поле чудес» ойыны негізінде құрылған.Оқушылармен топтық, жеке жұмыстар жасалынды. Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында көптеген жұмыстар жасалды. Оқушылар үш тілде сұрақтарға жауап бере алатынын көрсетті. Ойын барысында орыс тілі пәнінің мұғалімі Д.К Амированың және қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Д.С. Шакированың видео сұрақтары қойылды. Ойында барабан арқылы сурақтар қойылып, жауаптар бағаланып отырды. Соңында ұпайлары саналып жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, мадақтама қағаздарымен марапатталды.