1 және 11 сыныптар үшін сағат 10.00-де салтанатты іс-шара өткізілді.
Толқып тұрған бірінші сынып оқушыларын алғашқы іс-шараға олардың сынып жетекшілері бойшан қуыршақтар, көңілді әуен және ата-аналар, педагогтар мен мектеп қонақтары қол соғуымен өткізді. Оларға мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова мен мектеп қонағы – мектеп ветераны, бірінші сынып оқушысының әжесі Людмила Руслановна Лепперт, біздің мектеп мұғалімі Макпал Сапаргалиевна Алтаева құттықтау сөздерін айтты. Бірінші сынып оқушылары өздерінің алғашқы мереке, мектеп, мұғалімдері туралы таптақтар айтты және 11 сынып оқушыларының тілек сөздерін тыңдады. Олар үшін 2 «ә» сынып оқушысы Жадыра Әбіл ән шырқады және 5 «г» сынып оқушысы Олеся Гер би биледі.
1 сынып оқушыларына барлық мереке бойы ертегілер кейіпкерлері, бойшан қуыршақтар - мемлекеттік «Айжан» қуыршақ театрының әртістері ойын-сауықтар көрсетті. Мереке соңында балалармен бірге флэш-моб биледі, түрлі-түсті шарлар оқушылардың тілектері мен арман мен үмітпен аспанға жіберілді.
2-10 сынып оқушылары үшін жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясы аясында бірыңғай «Мен өз елімнің патриотымен» тақырыпқа Білім сабағы өткізілді.
2016 жылғы 1 қыркүйектен Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 9-сынып оқушылар арасында «Мен өз елімнің патриотымен» тақырыпқа Конституция күніне арналған сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Жоғарыда атылған іс-шараны 9-сынып жетекшілері Расулова Е., Газизова Т., Искакова А.А., Аязбаева К.Б. өткізді.
Осы іс-шараны өткізгенде келесі мақсат пен міндет қойылды: оқушыларды ҚР Конституциясы, оның негізгі ережелерімен, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру; ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу (гимн, ту, елтаңба); патриоттық және интернационалдық сезімін, өз Отанына сүйіспеншілікті тәрбиелеу.