2016 жылы 27-28 маусымда Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте «Бүгінгі білім: қазіргі заманғы педагогикасының теориясы мен практикасы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ұйымдастырушы: ХЭжәнеИҒА директоры, з.ғ.к. Т.М.Туремуратов, ХЭжәнеИҒА жанындағы «ЖАС ҰРПАҚ» орталығының жетекшісі Б.К.Ербалюкова, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері А.Т.Мендыбаева, Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп директоры Б.К. Айтмухаметова. Конференцияға Қазақстан Республикасының 2015-2016 оқу жылғы ғылыми-практикалық конференция, олимпиадалар, байқау жүлдегерілері, жоғары оқу орындарының, мектеп, балабақша педагогтары шақырылды. Астана қаласын Білім басқармасының әдіскері А.Т.Мендыбаева, Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп директоры Б.К. Айтмухаметова және мектеп мұғалімдері С.С.Шешимбаева, Г.К.Закирина, К.С.Аскарова, Л.А. Мораш, З.А. Жакупова ұсынды.
27 маусымда «Бүгінгі білім: қазіргі заманғы педагогикасының теориясы мен практикасы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісі өткізілді. Құттықтау сөздерін барлық конференцияға қатысушыларына ХЭжәнеИҒА директоры, з.ғ.к. Т.М.Туремуратов, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері А.Т.Мендыбаева, Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп директоры Б.К.Айтмухаметова жолдады. Содан кейін конференция тақырыбы бойынша баяндамалармен педагогтар сөз алды.
Халықаралық Экология және Инженерия ғылымдарының академиясы № 16 орта мектеп мұғалімдерімен бірігіп конференцияның барлық қатысушыларына «Ескі және жаңа қаланың селбесуі (тарих және архитектура)» қала бойынша саяхат ұйымдастырды.