«Мақсат» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналының ережесі оқылды, ол әр ай сайын жарияланады. Осы журналды шығару мақсаты: ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми ең үздік жұмысын анықтау, ғылыми зерттеушілерді ынталандыру. Атқарған зерттеу жұмыстары үшін ұстаздарды марапаттау. Оқыту сапасын және ғылыми басылымдарды жақсарту, оқытушы беделін арттыру және қолдау. Журналдың үшінші нөмірінде бастауыш сынып мұғалімі К.С.Аскарованың мақаласы жарияланған. Конференция қортындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда қорытынды жасалды, нұсқаулықтар берілді. Республикамыздың ең үздік мұғалімдерін марапаттау туралы шешім қабылданды. «Бүгінгі білім: қазіргі заманғы педагогикасының теориясы мен практикасы» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізуге белсенді көмек көрсеткені үшін, Халықаралық Экология және Инженерия ғылымдарының академиясы мен «Жас Ұрпақ» орталығы ұйымдастырған ғылыми-практикалық негізінде байқаулар қорытындысы бойынша № 16 орта мектеп директоры Б.К.Айтмухаметова Д.А.Кунаев атындағы орденімен, директордың ОТЖ орынбасары С.С.Шешимбаева, директордың ҒӘЖ орынбасары Г.К.Закирина, бастауыш сынып мұғалімдері К.С.Аскарова, Л.А.Мораш, З.А. Жакупова Ян Амос Коменский (Халықаралық үлгі) атындағы медалімен және шеберлік сынып өткізгені үшін дипломмен марапатталды. Конференция қатысушылары А.К.Омарова мен А.К.Абишева конференция жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін сертификат алды.
Осындай конференциялар оқытушыларға қажет, өйткені, педагогтардың жұмыстарын ынталандырып, оларды тиімді жұмыс істеу үшін шығармашылық зерттеуге бағыттайды.