4 маусым –ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранның жаппай ұжымда шырқалуы қамтамасыз етілді. «Еңселі әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым» атты Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатымен бір тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Мақсатты іске асыру үшін,1-11 сыныптар арасында бір тақырыптық сынып сағаты өтті.
1-4 сыныптар арасында еліміздің Мемлекеттік рәміздері туралы өлеңдері айтылды. Қазақстан Республикасының рәміздері мазмұндалды.Оқушылар өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін буклет,Отан туралы альбом,түрлі-түсті суреттері арқылы жеткізілді.
5-8 сыныптар арасында оқушыларды Отанды сүюге баулу мақсатымен интерактивті тақта арқылы слайттар көрсетілді,флипчарт жасалды,презентация қорғалды.
10-11 сыныптар арасында оқушылардың бойында Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту үшін акт залында бейне фильм көрсетілді.Қазақстан Республикасының тарихы мен рәміздері туралы сайыс өтті.