Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Әкенің абыройы және оның балаға тұлға ретінде дамуына әсері»

2016 жылғы 30 сәуірде Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына «25 пайдалы іс» республикалық акциясы аясында Астана қаласының Білім басқармасы және мектеп педагогикалық ұжымы атынан директор Балжан Каиртаевна Айтмухаметова бастамасы бойынша «Алматы» ауданының әкелер слеті өткізілді. Мектеп акті залына «Алматы» ауданының ата-аналар қоғамдығы атынан әкелер мен біздің балалардың болшағына қамқор ететін әкелер жиналды. Ата-аналардың тілектері бір болды - балалардың тәрбиесі мен білімдеріне жалпы күшпен әсер көрсету.  

Аудандық әкелер слетінде біздің заманның өзекті мәселелері талқыланды: «Әкенің абыройы және оның балаға тұлға ретінде дамуына әсері». Осы мәселе әсересе, ананың көмегісіз, баланы жалғыз тәрбиелеп жүрген әкелерге маңызды болып табылды. Осы тақырып – жалғыз басты әкелер тақырыбы, өмірдің әр түрлі жағдайына көнген, кейбір уақытта қасіретті жағдайда – қолында балалармен қалған, слет қатысушыларына талқылау үшін негізгі тақырып болды. Мерекеге қалалық білім басқармасының әдіскерлері - Бибигуль Амановна Саниязова және Сергей Касымович Шарипов, шекара қызметі әскери бөлімінің өкілі, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің капитаны  Серик Арнурович Шаймурат, ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер бас штаб гвардиясының тәрбие және идеология жұмысы бойынша департаментінің капитаны Ерлан Нургалиевич Шуленбаев қатысты.

Әкелер слетінде «Алматы» ауданы бойынша «Менің әкем дарынды», «Менің арманымдағы үй», «Мен және менің әкем» бейнероликтің байқау жеңімпаздарын қуанышпен қарсалды.

Мектеп ата-аналары Анара Амангельдиевна Рахимбаева, Самвел Федикович Мнеян, Ольга Анатольевна Кирданова,  Сауле Аблаевна Исанова шағын бизнес өкілдері – слетің спонсор болды. Жиналған қауымға мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова құттықтау сөз айтты.

Аудандық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін ата-аналардың алдында № 16 орта мектеп жалпымектептік «Менің әкем дарынды» байқау жеңімпаздары әндерді және түрлі аспаптарда орындады: Спартак Розикян саксофонда,  «Нурикамал», «Әке туралы жыр» әндерін Берекет Раматуллаевич  Уббисов. Шығармашылық дуэт болып балалары мен ата-аналар: Орынтаева Дильназ әкесі Арман Кенжебаевич Орынтаев; Ыдырыш Ернар әкесі Станбеков Ерік, Райс  Зере әкесі Райсұлы Айдын, олар өздерінің шығармашылықтарымен көрермендерді таң қалдырды.

Біздің мектеп оқушылары «Өз әкем туралы айтып беремін» тақырыбына шығармашылықтан үзіңді оқыды. 

Слетің негізі тақырыбы – өздері балаларды жалғыз тәрбиелеп жатқан әкелер тақырыбын, осындай біздің мектептің әкелері туралы «Ерекше әкелер» бейне презентациясынан бастады, мектеп бойынша осындай он отбасы бар. Бес баласын жалғыз тәрбиелеп жатқан әке Галдыбай  Тойгонбаевич Курмушуев туралы бейнефильм көрсетілді.

7 «а» сынып ата-аналар комитетінің төрайымы Геннадий Николаевич Савенко жалғыз әкелер туралы баспа конференциясын өткізді.

Баспа конференциясы аяқталғаннан кейін «Алматы» ауданының әкелер слеті қалалық слетке ҮНДЕУМЕН, мына ұсыныстарды жасады:

  • біліктілік көмек көрсетуімен әр білім беру ұйымдарында «Әкелер мектебі» құрылсын;
  • Астана қаласы бойынша «Жалғыз басты әкелер» арнайы жұмысы ұйымдастырылсын;
  • отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастар және жас отбасы арасында әкелерді дәріптеу, жасөсіпірімдерді тәрбиелеуде әкенің рөлін күшейту, оны қолдау және педагогикалық ағартушылық, көп балалы әкелер мен жалғыз басты әкелердің мәртебесін көтеру мақсатымен Қазақстан Республикасында Әкелер күні бекітілсін.

Сонымен қатар, «Алматы» ауданы әкелер слетінде «Әкемен бірге мектепке» жалпымектептік акциясы басталды, осы уақытта балалар үшін мектептік және спорттық формаларды алуға әкелерге ақысыз сертификаттар  берілді.

Біздің слет Жеңіс күні мен Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізілді. Слетке қатысушылар алдында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының қызметі туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің капитаны Серик Арнурович Шаймурат баяндады. Клуб тәрбиеленушілері жиналғандарға сапқа даярлықты өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шара жоғары сынып оқушылар мен барлық слетке қатысушыларының «Атамекен» әнің салтанатты орындауымен аяқталды.

Слет қорытындысын № 16 орта мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова және Білім басқармасының әдіскері Бибигуль Амановна Саниязова жасады.

 



Просмотров: 609

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год