Наурыз мерекесін қазақ бастауыш сынып оқушылары жарық деңгейде тойлауда!!!
Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.Бастауыш сынып құрған алты ауыл өз өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының дәстүрлерімен таныстырады.
1«А», 4«А» сыныптар - «Жамбыл» ауылы Ат қою рәсімі Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің деатын қояды.
1 «Ә»,1 «Ғ» сыныптар - «Абай» ауылы Бәсіре. Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты.
2 «А», 3«А» сыныптар- «Төлеген» ауылы Тұсау кесу рәсімі.Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында "Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады" деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен кесіледі
3 «Б», 2 «Б» сыныптар- «Әз наурыз» ауылы Қырқынан шығару дәстүрі Қазақ халқы – ертегілерге, мақал – мәтелдерге өте бай халық.Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады.
1 «Б», 2 «Ә» сыныптар – «Ыбырай» ауылы Бесікке салу дәстүрі Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы..Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өм...
3 «Ә», 4 «Б» сыныптар - «Шаттық» ауылы Шілдехана дәстүрі Шілдехана Қазақ халқы думаншыл халықтың бірі. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі – шілдехана.