2016 жылы 1 наурызда мектепте «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының жаңа құрамы салтанатты ант беру рәсімі өткізілді. Іс-шараның құрметті қонақтары - Астана қаласы Білім басқармасының С.К.Шарипов, №2014 шекаралық әскери бөлімінің подполковник Е.Жолдыбаев, әскери тыс даярлығының басшысы Е.М.Жусупов, ауған жауынгерлері, шекарашылар, қала мектептерінің АӘД мұғалімдері және ата-аналар. 9,10 сынып оқушылары алғашқы-әскери даярлық педагогі Б.Т.Байғазин жетекшілігімен ант берді. Оқушылар саптық даярлығын, автоматты бөлшектеу және жинау, т.б. білімдерін көрсетті. Мектеп кадеттері және басқа оқушылар жауынгерлерді және ауған жауынгерлерін аса көңілмен тыңдады. Мектеп қамқоршылары – шекарашылар оқушыларды патриоттық тәрбиелеулері үшін мұғалімдері алғыс хаттармен марапаттады, концерт ұйымдастырылды.