Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жасалған іс-шара өз деңгейінде өтті. Оқушылармен топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасалынды..Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында көптеген жұмыстар жасалды. Ағылшын тілінде оқушылардың Қазақстан мемлекетінің қалалары туралы алған білімдерін бекітіп және толықтырды, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тырысты. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру арқылы ағылшынша сөйлеуге бейімдеді. Сабақта картаға қарап Қазақстан қалаларын ағылшынша айтып үйренді және әр қаланың қай өңірге жататынын анықтады. География пәнімен пәнаралық қарым-қатынас орнады. Көрнекілік ретінде «Қазақстан Республикасының рәміздері», Қазақстан картасы, түрлі- түсті суреттер,Қазақстан туралы ағылшынша олең,сөзжұмбақ қолданылды.