Сабақтың тақырыбы: «Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры».
Сабақтың мақсаты: халқымыздың ғасырдан – ғасырға жалғаысп келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала, баланы бесікке салу, тұсау кесу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Ребус, сөзжұмбақ шешу арқылы балалардың өз ойларын сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, ребус, сөзжұмбақ, суреттер.