Қыркүйек айының 19-ы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің акт залында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу. Іс-шараға 6-8 сынып оқушылары қатысып, қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды, ән айтты, қойылым көрсетті. Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.