Айлық пен акцияның мақсаты: мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту және көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендіру.
Міндеттері:
- Мектеп жасындағы барлық балаларды жалпы орта біліммен қамту мәселелеріне қоғам мен жұртшылық назарын аударту;
- Мектеп жасындағы мектепке келмейтін, оқымайтын балаларды анықтау және есепке алу;
- Оқушылардың себепсіз сабақты босатуына қатысты себептер мен жағдайларды анықтау;
- Мұқтаж отбасыларға көмек көрсететін ұйым;
- Мектеп түлектерін орналастыру;
Акция «Балаларға жақсылық сыйла!» ұранымен өтеді.
Дәстүр бойынша қайырымдылық акциясын ата-аналар арасында өткізу, балаларға Жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек көрсету, қала мектептерінің шағын учаскелерін аралау, балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту және басқа да іс-шаралар жоспарланған.
Бекітемін
Мектеп директоры
Б. Айтмұхаметова
|
Іс-шара атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауаптылар |
№16 ОМ «Мектепке жол» акциясын өткізуді ұйымдастыру |
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер |
|
1 |
Айлық пен акцияның өтетіндігі жайлы ақпараттандыру |
|
Мұғалімдер, сыныптардың ата-аналар комитеті |
2 |
«Мектепке жол» логотиптерін, плакаттар шығару және жапсыру |
2015 жылғы 10 тамызына дейін |
Әлеуметтік педагогтар |
3 |
Мектептегі «Мектепке жол» ақпараттық стендін рәсімдеу |
2015 жылғы 10 тамызға дейін |
Әлеуметтік педагогтар |
4 |
Мектеп сайтының «Мектепке жол» бетін жаңарту |
2015 жылғы қыркүйек |
Әлеуметтік педагогтар |
5 |
Аз қамтылған, көпбалалы, қамқорлықтағы оқушылар туралы мәліметтер жинау |
|
Әлеуметтік педагогтар |
6 |
Аз қамтылған отбасы балаларына арналған киім-кешек, мектепке, жазуға қажетті керек-жарақ жинау бойынша «Қамқор қолдар» қайырымдылық акциясын өткізу-демеушілермен жұмыс |
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
7 |
Жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек көрсету |
|
Әлеуметтік педагогтар |
8 |
«Балаларға бірге көмектесейік» ұранымен «Мектепке жол» пресс-конференциясына қатысу |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
|
Акция өткізу барысында жалпыға міндетті оқу айлығын өткізу |
|
Директордың оқу-тәрбие, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар |
|
1 |
Мектептің шағын учаскесін аралау, балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту |
|
Мұғалімдер |
2 |
Оқушылардың сабаққа қатысуын есепке алу, сабаққа қатысудан бас тартқан оқушылар туралы мәлімет жинау |
2015 жылғы 1 қыркүйектен |
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
3 |
«Отбасы отбасына көмектеседі: Баланы мектепке дайындайық!» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру |
|
Сынып жетекшілер |
4 |
Оқу-тәрбие жұмысы секциясында, тамыз кеңесі шеңберінде жалпыға міндетті оқу бойынша семинарға қатысу |
|
|
5 |
Мектептің шағын ауданында тұратын 0-ден 17 жас аралығындағы балалар туралы деректер жасау |
2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін |
Әлеуметтік педагогтар |
6 |
Мектеп оқушылары туралы деректер жинау |
2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін |
Сынып жетекшілер |
7 |
Жалпыға міндетті оқу айлығы бойынша қорытынды жасау |
2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог |
8 |
Мектеп директорының жанындағы кеңесте жалпыға міндетті оқу айлығының қорытындысын қарастыру |
2015 жылғы қыркүйек-қазан |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
Құқықбұзушылықтың, бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын-алу бойынша жұмыстар ұйымдастыру |
2015 жылғы 1 тамыздан |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторы |
|
1 |
Бақылаусыздық пен панасыздықтың, оқудан жалтарудың алдын алу мақсатында компьютерлік клубтар, қоғамдық орындар, базарлар, кәсіпорындар бойынша «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін жүргізуге қатысу |
2015 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторы |
2 |
Есепте тұрған кәмелетке толмағандардың деректерін жинау |
2015 жылғы 15 тамыздан |
Әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторы |
Науқас балалар мен мүгедек балаларға үйде оқытуды ұйымдастыру |
2015 жылғы 1 қыркүйектен |
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
|
Әлеуметтік қорғалмаған топ тұрғындарының оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету |
2015 жылғы қыркүйек |
Әлеуметтік педагог, кітапханашы |
|
«Мектепке жол» Акциясының қорытындысын мектеп сайтына және Білім басқармасының сайтына шығару |
2015 жылғы қыркүйек |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
|
«Мектепке жол» акциясы бойынша есеп тапсыру |
2015 жылғы 1 қазанға дейін |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |