Біздің мектеп барлық қалалық және республикалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы. «Аяла» қамқорлық қоры ұйымдастырған «Ұлт денсаулығы перзентханалардан басталады» жобасын қолдау мақсатында, 17 мамырда біздің оқушылар «Бала жүрегі» атты қамқорлық акциясына қатысты. «Бәріміз бірге балаларымызды мейірімділік сылауға және қайырымды болуға үйретейік» деген акция ұраны біздің мектептің мұғалімдері мен оқушыларының арасында ерекше қолдауға ие болыды. Технология пәнінің мұғалімдері Ж.С. Мүслімов пен Л.К. Баймағамбетованың жетекшілігмен оқушылар көптеген ойыншықтар жасап тапсырды, оны қомқорлық жәрмеңкесіне қатысушылар сатып алды. Түскен қаражат қамқорлық қорына аударылды. |