Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Целиноград қаласы, №16 орта мектеп

 

         Біздің мектепті Горем 15 салды. Мектеп 1979 жылғы 30 тамызда пайдалануға берілді. Мектеп құны 1.399.410 рубль 43 тиын.

         1979 жылғы 1 қыркүйекте «Целинаның 25-жылдығы» атауы беріліп,  мектептің ашылу салтанаты өтті. 

         Мектепте 40 сынып бөлмелері, техникалық еңбек шеберханалары, үй шаруашылығы кабинеті, 2 спорт залы, 360 орынға асхана, пионерлер бөлмесі болды.

         2 қыркүйекте біздің мектепке СОКП ОК саяси бюросының мүшесі,                                                                                                                                                                                                                      Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы жолдас Д.Д. Қонаев келді. Ол заманауи жаңа мектеппен, бірінші директоры Л.П. Хромовамен, мұғалімдер ұжымымен және оқушылармен танысты.

Мектепте 2500 оқушы білім алды. 1980 жылғы 17 маусымда мектепке ҚазССР Министрі жолдас Балахметов келді.

16 қыркүйекте мектепте дене тәрбиесі әдістемелік кабинетінің меңгерушілері мен әдістемелік кабинет инспекторларының Республикалық семинары өтті.

Біздің мектепте көп жылдар бойы дене шынықтыру бойынша барлық жұмысты, Целиноград қаласы бойынша ең үздік көрсеткіштер әкелген, Виноградовтар әулеті атқарды.

Мектепте «Денсаулық апталығын», «Ал қане, қыздар» сайысын, Жаңа жыл мерекесін, ерікті мектеп хоры, пионерлік хор, вокалды топтар байқауларын өткізу дәстүрге айналды.

Мектеп аумағында еңбек етуге үлкен көңіл бөлінді: қайың аллеясы, нағыз бақ пен гүл бақшасы пайда болды.

Мектепке көмек көрсеткен «Вторчермет» зауыты қамқоршымыз болды, оқушылар да зауытқа барып, аздаған көмек көрсететін.

«Жастық шақ» ЖЕО бару әсерлі болатын: жұмыс, №16 ОМ «Олимпиец» отряды жүлделі орындар алатын «Нептун» мейрамы.

Мектепте дәстүрлі «Қызыл жұлдызшалар» мейрамы өтетін, онда бастауыш сынып оқушылары октябрьлер, одан кейін пионерлер құрамына өтетін.

«Шаңғы жолында» атты іс-шараны айрықша атап өткім келеді. С.А. Виноградов пен А.А. Виноградова бастаған біздің мектеп Одақаралық шыңғышылар күніне қатысатын.

Мектепте «Ленин» мұражайы ашылды, онда барлық атаулы күндер өткізілетін.

1985 жылдан бастап «Оқырмандар атағы берілетін» мейрам өткізу дәстүрге айналды – оны мектеп кітапханашылары өткізетін. Оқушылар өте көп оқитын.

Мектеп марапаттарын айрықша атап өтетін болсақ – бұл көптеген мақтау грамоталары, грамоталар, дипломдар, сап түзеу байқауы, ЖҚИ жұмысы бойынша грамоталар.

1982 жылы №16 ОМ базасында ЖҚИ отряды құрылып, барлық қалалық жарыстардан 28 жыл бойы жүлделі орындар алып, Қарағанды қаласында өткен Республикалық жарысқа қатысып, 1 орын алды.

Мектепте 12 спорт секциясы жұмыс істеп, үнемі ГТО ережелерін тапсыратын.

№16 ОМ базасында неміс тілі бойынша алғаш лингафонды кабинет ашылды.

1984 жылы жалпы білім беретін мектеп реформасы қабылданып, сынып жетекшілері әр оқушы мен ата-анаға жеткізді.

Жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады, ол өз жұмысын сергіту жаттығулары мен сап түзеуден бастайтын.

Әр оқу жылының басталу күні – жүйріктер күні болатын. Біздің мектептің оқушылары Одақаралық жүйріктер күніне бірнеше мәрте қатысты.

ЖЕО және Киров атындағы совхоздағы жұмыс тәртіп пен еңбекке қабілеттілігімізді көрсетті.

Фашисттік Германияны Жеңгенімізге 40 жыл толуының құрметіне мектепте ұланғайыр әскери-спорттық мереке өткізілді. Біздің оқушылар Мәңгілік алау күзетіне қатысты.

Көптеген байқауларда Целиноград қаласын танытқан, әсемдік топтамасының және балалар музыкалық оркестрінің үйірмелері, мектеп мақтанышына айналған би ансамблі 1987 жылдан бастап жұмыс жасады.

1988 жылдан бастап, жазғы демалыс уақытында жауынгерлік даңқ батырлары қалаларды аралауы дәстүрге айналды. 

№16 ОМ алтыжылдық сыныптар жұмыс жасады. Білім беруге енгізілген барлық шараларға мектеп ұжымы мақтанышпен қатысты.

Мектеп жұмысының нәтижесінде –  мектепке «Өнегелі мектеп» мәртебесі берілді. Ал 1986-1987 оқу жылдарында №16 ОМ Пионерлер жасағы Кеңес Одағының Батыры А.В. Петров атындағы жасағы болды. Содан кейін мектеп А.В. Петров атындағы «Өнегелі мектеп» болды.

Ал №16 ОМ ұжымы жеткен жетістігі үшін оқу орындарының арасында «Жоғарғы мәдениет пен үлгілі қоғамдық тәртіп мекемесі» атағы үшін Қазақстанның Компартиясы Ленин аудандық комитетінің, аудандық Кеңес халқының депутаттарының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год