Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 375-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары 8. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оқу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар. 10. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың атааналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Просмотров: 428

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год