Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Тәртіптік комиссиясы туралы ереже

 1. Жалпы ережелер

Астана қ. №16 орта мектебінің тәртіптік комиссиясы туралы осы ережесіҚазақстан Республикасының заңнамасының негізінде жасалды және комиссияның құзыреттілігін, міндетін, қалыптасу реті мен қызметін анықтайды.
Тәртіптік комиссиясы тұрақты қызмет етуші орган болып табылады, ол осы Ережеге сәйкес мектеп қызметкерлерінен құрылады, тәртіптік комиссиясының төрайымы сайланады.
Тәртіптік комиссиясының өз құзыреттілігінің шегінде қабылдаған шешімі, мектептің барлық қызметкерлері немесе белгілі бір қызметкердің міндетті түрде орындауы тиіс нұсқаудан тұрады.
Тәртіптік комиссиясының қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
а) жұмыс беруші мен кәсіпорын қызметкерлерінің заңды қызығушылықтарын қорғау және олардың құқықтарын құрметтеу;
б) Қазақстан Республикасының заңнамаларын қатаң сақтау.
2. Тәртіптік комиссиясының негізгі мақсаты мен міндеті.
2.1 Тәртіптік комиссиясының негізгі мақсаты мектеп қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамаларын, ішкі еңбек тіәртібінің ережелерін, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне қолданылатын жауапкершілік шараларын қатаң ұстануы болып табылады. 
3.Тәртіптік комиссиясының өзінің мақсатына жету үшін келесі  негізгі міндеттерді орындайды:
а) мектептің Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын бақылау;
б) Тәртіптік комиссиясының құзыреттілігінің шегінде шаралар, оның ішінде мектеп қызметкерлерінің лауазымдық қызметтерін орындауларын қамтамасыз ететін тәртіптік ықпал қолдану.
Мектептің тәртіптің комиссиясы келесі негізгі қызметтерді іске асыру тапсырылады:
3.2 Тәртіп бұзған, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бұзған мектеп қызметкерлеріне қатысты жауапкершілік шараларын қолдану.
3.3 Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің бұзылғандығы және басқа да тәртіпсіздіктің орын алғандығы, соған байланысты тиісті жауапкершілік шаралардың қолданылатындығы жайлы мектеп қызметкерлерін ақпараттандыру.
3.4 Педагог қызметкерлер және техникалық қызметкерлер бұзған еңбек және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің бұзылуы міндетті түрде Тәртіптік комиссиясымен ақаралады.
4.1 Тәртіптік комиссиясы төрайымнан және 3 мүшеден тұрады.
4.2 Комиссия төраймы – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4.3 Төрайымның орынбасары – кәсіподақ комитетінің төрайым
4.4.бастауыш мектептің, орта немесе жоғарғы буын педагогтары
4.5 Тәртіптік комиссясының төраймы оның толық құықыты мүшесі болып табылады. Дауыс беру кезінде тең түсетін жағдайда, Төрайым дауысы шешуші болып табфлады.
4.6 Осы Ережеде көрсетілген мақсаттар қол жеткізу және мәселелерді шешу үшін, Тәртіптік комиссиясының төрайымы келесі қызметтерді іске асырады: 
        а) Тәртіптік комиссиясының қызметіне басшылық етеді;
        б) Тәртіптік комиссиясының отырыстарын дайындайды, шақырадй және өткізеді, соынмен қатар төрағалық етеді;
        в) Осы Ережеге сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін Тәртіптік комиссиясының қызметімен таныстырады.
5.1 Комиссия Төрайымның шақыруымен болған отырыстарды, өзінің құзыреттілігінің шегінде түрлі мәселелерді қарастырады. 5.2 Комиссия отырыстары жабық түрде өтеді. Төрайымның шешімі ойынша өтініштері бойынша немесе қызығушылықтары қарастырылып жатқан мектеп қыметкерлері шақырылуы мүмкін
6.1 Осы ереже, сондай-ақ оған енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мектеп директорымен бекітілгеннен кейін ғана өз күшіне енеді.
Тәртіптік комиссиясын құру туралы
«№16 ОМ» ММ
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  56 бабына сәйкес, мектеп қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауларын қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне қатысты шара қолдануды қарастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
  1. Астана қаласы Білім басқармасының «№16ОМ» ММ Тәртіптік комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Комиссия төраймы: Алиева Д.А. – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Шахметова Ж.Д. – кәсіподақ ұйымының төраймы;
Шешімбаева С.С. -  директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары;
  1. Тәртіптік комиссясының өкілеттілігі бегіленсін - «№16ОМ» ММ қызметкерлерінің кінәсінің деңгейін анықтау
  2. Тәртіптік комиссиясының шешімі ұсыныс түрінде болады
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын


Просмотров: 1630

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год