Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Оқушыны қалай мақтау керек: тиімді мақтаудың 10 ережесі

Оқушыны қалай мақтау керек? Осы мәселені бірге талқылайық.   

Мұғалім мақтауының құндылығы

Оқушыны міндетті түрде мақтау керектігінен бастайқ! Неге? Оқушының талпынысын бағалауға, оны қолдауға, өзіне деген сенімі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыруға. Мұғалімдің қолдауы кереметтің бастамасы! Мұғалімнің балаға арналған жылы сөзі, қурап қалған гүлге құйылған су тәрізді әсер етеді. Мақтаудың басты қызметі – мұғалімнің балаға деген сенімін білдіру. Әр оқушы өз бастамасының бағаланғанын және қолдау тапқанын қалайды. Тек осылай ғана баланы жақсы оқуға көндіруге болады. мұғалімнің міндегі – өз тәрбиелеушілерін сөзбен мадақтауға жақсы сөздерді қолдана білу.

Мұғалім мақтауының алтын ережелері   

Сабақ үстінде баланы қалай дұрыс әрі орынды мақтауға болады? Ол мұғалім келесі ережелерді ұстануы тиіс. 1.Тырысқандығы үшін мақтаңыз!  Оқушыны табиғи мүмкіндіктері мен ақыл-парасаты үшін емес, тапсырманы орындау кезіндегі ынтасы мен тырысқандығы үшін мақтау керек. Мысалы, орыс тілі сабағында диктантты жақсы жазғандығы үшін былай мақтауға болады: «Бәрекелді! Сен көп оқисың, жұмысқа жақсы дайындалып, барлық ережелерді қайталап келіпсің!» «Сен диктантта бір қате жібермедің! Сенде туа біткен сауаттылық бар!»деу дұрыс емес. Ағылшын тілі сабағында ағылшынша мақтаған жақсы әсер етеді. 
2. Жеке тұлғасын емес, әрекетін мақтаңыз! Оқушының жетістіктері мен  әрекеттерін мақтаған дұрыс. Әтпесе оқушының бойында дұрыс емес көз-қарас қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа тақырып.
3.Не үшін мақтап тұрғаныңызды анықтап айтыңыз! Оқушының өзін не үшін мақтағанын түсінгені маңызды. Жалпылай мақтау онша тиімді емес, шындығына шүбә келтіреді. Мысалы, сурет сабағында баланың салған суретінің әр бөшегіне назар аудара отырып «Қандай әдемі гулсауыт салғансың!» деп мақтаған дұрыс. Ал «Бәрекелді! Сен нағыз суретшісің!» дейге болмайды.
4. Орынды әрі белгілі бір әрекеті үшін мақтаңыз! Мұғалімнің мақтау шынайы, лайықты, басқа балалардың қызғанышын оятпайтындай болуы тиіс. Шамадан тыс мақтау құнын жоғалтады. Әр ұсақ-түйекке мақтау естіген оқушы, солай болуы тиіс деген ойға келеді. Ал оны мақтамаса, түсінбеушілік пайда болады.
5. Тек «еркелеріңізді» ғана мақтамаңыз»! әр сыныпта басқа оқушылардан қарағанда, бір оқушы мақтауға лайықты деген көз-қарас бар. Ал сыныптастарының арасында беделі жоқ тәрбиеленушілерді қалай мақтауға болады? Оларды үнемі мақтау сыныптастарымен қарым-қатынастың нашарлауына әкеп соғады. Мұндай оқушыларды белгілі бір әрекеті үшін мақтаған дұрыс. Ал «еркелеріңізді» мақтау үшін лайықты сәтті таңдаған жөн. 
6. Жақсыдан тоқтаңыз! Мұғалімнің сөз арқылы қолдауы баланың өзіне деген сенімділігін арттырады! Бірақ артық айтылған бір ауыз сөз барлығын құртады. Мысалы, математика сабағында мұғалім баланы мақтайтын болса, оның бір есепті жақсы орындап, қалғанын орындай алмағанына тоқталмауы тиіс. Но всего одно лишнее предложение способно все разрушить. «Жарайсың! Мына есепті ерекше тәсілмен орындапсың! Ал басқасы қарағың да келмейді!» деу дұрыс емес.  Мұнда ақығы сөйлем айтылмауы тиіс. Мұғалімнің мақтауының мазмұны жазғырудан құралмауы керек, оны жақсы лебізбен аяқтаған дұрыс. Дұрыс мақтауды ата-аналарына да үйреткен жөн.
7. Бір оқушыны барлық сыныпқа қарсы қоймаңыз! Барлығын дұрыс орындаса да, топ жақтамайтын баланы мақтауға болмайды. Мысалы, химия сабағында жалғыз өзі үй тапсырмасын орындаған оқушыны қалай мақтауға болады? Оны баламен жеке қалған кезде мақтаған дұрыс. Мұндай жағдайда мақтау сыныптастарының тарапынан агрессия шақыруы мүмкін. Ал бұл оқушыны кінәсі жоқ.
 8. Мақтағанда басқалармен салыстырмаңыз! Мұғалім мақтауы салыстырмалы болмауы тиіс.  Оқушының жетістіктерін, нәтижелері мен жеке қаситеттерін оның сыныптастарынікімен салыстырмаңыз.
9. Мақтауды нығайта түсіңіз! Мақтауды жымиюыңызбен, мимикаңызбен, ашық ишаратпени нығайтсаңыз тиімділігі қор болмақ.
 10. Үндеу. Мысалы, әдебиет сабағында оқушыны; «Сенің мына қиын өлеңді жаттап, мәнерлеп оқып бергеніңе өте қуаныштымын» деп мақтаған дұрыс.
Мұндай мақтау оқушы мен мұғалімді жақындастыра түседі. Мақтау – бала тәрбиелеудегі өте тиімді әрі әсерді құрал. Орынды мақтау оқушыны биік шыңдарға жеткізуі мүмкін. Осы әрқашан мұғалімнің есінде болуы керек. Өз тәрбиеленушілерініңізді мақтаудың жолын іздеңіз, және сіз оны міндетті түрде табасыз!



Просмотров: 2641

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год