Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Емтиханды қалай тапсыру керек? Психологтың кеңестері

 

Жалпы ереже: емтиханға спортшы жарысқа келетін түрде келу керек. Басқаша айтсақ: емтихан тапсыру кезінде «спортшының» миы ең жоғарғы өнімділікпен жұмыс істеуі қажет. Білетін нәрсенің үштен бір бөлігін ғана қолданатын кездер болады! Неліктен?

 

Емтиханды жақсы тапсыруға үш жағдай әсер етеді:

 

1-      Жақсы дайындық

2-      Емтиханды тапсыру барысындағы мидың табысты жұмысы

3-      Емтиханды тапсыру техникасы

 

 

Жақсы дайындық

 

Жақсы дайындалып, орташа тапсыруға болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. Емтиханға тынығып келу керексіздер. Егер материалды соңғы секундқа дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыздар – қателесесіздер! Емтихан алдындағы қорқыныш тапсырам ба, әлде тапсыра алмаймын ба?/ өте үлкен кедергі болады. Егер сіз өз күшіңізге сене алатын адам болсаңыз, қорқыныш қатты кедергі болмайды.

 

Емтихан күндерінде ағзаңыз бен миыңыз ең жақсы күйде болу үшін не істеу керек?

 

1-      Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлі жұмыспен айналыспаңыз. Таза ауада дем алыңыз. Кешке кино, бірақ тек комедия көруге рұқсат! Дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Бұл кедергі етеді.

2-      Емтихан алдында, түнде, конспект көруге бір сағатыңызды арнаңыз. Дұрыс білмеймін деген негізгі пунктерді қараңыз.

3-      Емтихан күні ұйқыңыз қанып тұруы керек. Емтиханға ерте келмеңіз, 15 минут жеткілікті. Әйтпесе, көп толқып қоясыз.

4-      Бірінші болып тапсырыңыз. Емиханды көп күту, психологиялық түде жалықтырады.

5-      Емтиханға бара жатып, өзіңізбен бірге конспектіңзді алуға ұмытпаңыз. Көшіріп жазу үшін емес, өзіңізді қорғалғандай сезіну үшін.

 

 

Формула – емтиханды табысты тапсыруға деген икем

 

1-    Мен емтихан тапсырғым келеді

2-    Менің қалауым – берік білімді болу

3-    Мен өзімді қабілетті, бәрін білуші адам ретінде көремін

4-    Мен өз мақсатыма қол жеткізе аламын – емтиханды табысты тапсырамын

5-    Мен бәрін істей аламын, емтиханды да тапсырамын, мен ешнәрседен қорықпаймын

6-    Емтиханды жақсы тапсыратыныма күмәнім жоқ

7-    Барлық адамдар мені барлығын білетін, өз-өзіне сенімді адам ретінде көреді

8-    Барлық мұғалыімдер мені бір оқығаннан жаттап алатын, қабілетті оқушы ретінде біледі

9-    Мен барлық рухани күшімді саламын

10- Маған емтиханды жақсы тапсырған ұнайды

11- Менің білімім жақсы, берік 

 

 

Емтиханды тапсыру техникасы. Жазбаша жұмыстар

 

1-      Емтиханда жылдам жұмыс істеу керек. Жылдам жұмыс жайлы емтихан алдында ойлап, жылдам жұмысқа дайындал.

2-      Тапсырманы назар салып оқығаннан кейін, 1-2 минут үзіліс жасаңыз. Бұндай үзілісьер, уақыт аз болса да, жақсы көмектеседі. Өйткені тыныш ойлану үшін жеке уақыт бөлесіз. Табысқа жету шарттарының бірі осы.

3-      Әр әрекетті тексеріңіз. Қатені табу және оны түзетуге қарағанда уақыт үнемдейсіз.

 

 

Емтихан тапсыру техникалары. Ауызша кеңестер

 

1-    Сіздің миыңыздың дәлдігі сіздің тұрған кейпіңізге байланысты, еркін, тік, басыңызды көтеріңкі етіңіз. Қатты және еркін сөйлеңіз. Емтихан қабылдаушылардың көзіне тура қарап, ештеңеден қорықпаңыз.

2-    Сізге ыңғайлы болатындай киініңіз.

 

 

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год