Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, білім саласының қызметкерлері және әріптестер Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын!
Тәрбие – тал бесіктен басталады демекші, балаға білімнен бұрын тәрбие беру, отаншылдыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірту аса маңызды. Адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген бала түбінде жақсы тұлға болып шығары хақ. Сондықтан да балаларға  сапалы білім мен қатар тәрбие беру үшін жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бірігіп жұмыс жасауымыз қажет.
Қазір ХХІ ғасыр техника мен технологияның қарыштап дамыған, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманы. Біз дамыған елдердің қатарынан қалыс қалмай, бір бағытта жүзу де керекпіз. Мемлекетіміз оқу-білім үшін, ғылым үшін, даму үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып жатыр. Әрбіріміз «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын», - деген қағидатпен өмір сүрсек, Қазақстанның алар асулары әлі алда деп білемін. Біздің болашағымыз келешек ұрпақтың қолында. Сондықтан да олардың еліміздің жақсы азаматтары мен азаматшалары болуы үшін ұстаздар мен ата-ананың атқарар рөлі зор. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біз өз кезегімізде өскелең ұрпақтың жақсы білім алуына бар күш-жігерімізді саламыз.
Тарихы тереңде жатқан Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебіміз – барлығымыздың басымызды қосатын қара шаңырағымыз. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын мектебіміздің атына кір келтірмеуге, атын биіктерге шығаруға тырысайық.
Жаңа 2023-2024 оқу жылында оқушыларымызға, ата-аналарға, әріптестеріме зор денсаулық, бақыт, толағай табыстар мен толассыз жемісті де жеңісті күндері көп болсын деймін!
Сәттілік!


Просмотров: 106

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год