15.05.19ж.Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің 9-сынып оқушылары мамандық таңдау аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Сервис және Туризм» колледжіне барып танысты. Оқушылар колледждегі мамандықтар мен жабдықтармен танысып, ғимаратын аралап көріп шықты. Колледждегі техник-механик, техник-программист, аспаз, кондитер, турист агенті мамандықтары бойынша кеңінен мәлімет алды.