Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Абай әлемі» қалалық байқау

2019 ж. 16 сәуірінде Төлеген Айбергенов атындағы орта мектептің 8-11 сынып оқушыларынан Серимбетова Ақниет, Маратова Рахилла, Шарипбекова Жанайым «Абай әлемі» атты оқушылар сарайында өткен қалалық байқауға қатысты.

Байқау Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.

 Байқау номинациялары: «Абайдың ғибраты» (қара сөздері), «Әнді сүйсең, менше сүй» (вокал), «Талаптың мініп тұлпарын» (бейнелеу өнері).

 «Абайдың ғибраты»  номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Шарипбекова Жанайым бейнеролик дайындап, эссе жазып, 9 қара сөзін жатқа айтып берді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша дипломмен марапатталды.

«Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Маратова Рахилла қатысты. Ұлы Абайдың өзі жазған  «Желсіз түнде жарық ай» және Абайдың өлеңіне жазылған композитор С.Кәрімбаевтің «Қалқам-ай, мен үндемей жүрмін көп» әнін жанды дауыспен орындады.

 «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша 11 «А» сынып оқушысы Серимбетова Ақниет қатысып, Абай суреттеген табиғат құбылыстары мен кейіпкерлер дүниесінен  сурет салды. Қазылар алқасының шешімімен «Жақсы идея» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

«Абай әлемі» атты қалалық байқауға оқушыларды дайындаған Мұғалімдер: Расулова Е.А. және Жилкибаева Б.К.



Просмотров: 272

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год