Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Мен енді қара өлеңнен қар боратам...» тақырыбында Төлеген Айбергеновтің туған күніне орай 6-7 сынып оқушылары арасында жыр оқу байқауы өтті.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 02.03.2019ж. Астана  қаласындағы №16 орта мектепте  «Мен енді қара өлеңнен қар боратам...» тақырыбында Төлеген Айбергеновтің туған күніне орай 6-7 сынып оқушылары арасында  жыр оқу байқауы өтті.

   Байқаудың мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
         Байқауға қазылық ету үшін  белгілі ақын Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы, «Руханият» орталығының директоры Еңсебаев Ержан Серікболұлы, Білім беруді жаңғырту орталығының инновациялық бөлім әдіскері  Амиргалиева Дайра Кайнемқызы, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка театрының актеры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Аймағамбет Айман Өтегенқызы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Республикалық үздік ақын» номинациясы иегері, Оқушылар сарайы «Жас Абайтанушылар» клубының жетекшісі Ғабдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы қатысты. Әр мектептен 2 оқушы  қатысқан  байқауда  өздерінің өнерлерімен тәнті еткен оқушылар тиісті жүлделі орындарды иеленді.

 І орын- Астана қаласы, №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы   Жұмабай Аружан. Жетекшісі: Думшебаева Гүлназ Дукенбайқызы.

ІІ орын- Астана қаласы,Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің  6-сынып оқушысы Төлеген Томирис. Жетекшісі: Жаменкенова Айнұр Зейноллақызы.

ІІ орын - Астана қаласы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің  7-сынып оқушысы Лахан Іңкар. Жетекшісі: Исатаева Салтанат Көшербайқызы.

ІІІ орын- Астана қаласы, Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының  6-сынып оқушысы  Теміршотов Ерасыл. Жетекшісі: Нуркенова Алма Абдуахитқызы.

ІІІ орын- Астана қаласы, Ғали Орманов  атындағы №7 мектеп-гимназиясының  6 сынып оқушысы  Жамбыл Жансезім.

        Аталған іс-шара Төлеген Айбергеновтің өлеңіне жазылған әнші Роза Әлқожаның «Атамекен» әні, мектептің гимнімен басталып, ақынның өлеңіне жазылған әндері шырқалып, күмбірлеген күй, мың бұралған биші қыздардың биімен аяқталды. 

 

 



Просмотров: 430

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год