Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Табиғат тағдыры - адамның өз тағдыры!» атты интеллектуалды ойын сайысы

23.02.2019ж.(ЭкоChallenge) Бағдарламасы бойынша Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің 8 «Б» және 7 «А» сынып оқушылары арасында «Табиғат  тағдыры - адамның өз тағдыры!» атты интеллектуалды ойын сайысы өтті.

Оқушылар ортасында өткізген  интеллектуалды ойын сайысын 8 «Б» және 7 «А» сынып жетекшілері: Расулова Е.А.,Исатаева С.К.ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.

Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру.(Үй тапсырмасын қазылар алқасына ұсыну)
  2. «Табиғат тағдыры - адамның өз тағдыры!» тақырыбы бойынша монолог оқу.
  3. Викториналық сұрақтар.
  4. Сахна көрінісі
  5. Еркін тақырып.

Интеллектуалды ойын сайысы өте жоғары деңгейде өтті.Сайысқа 8 «Б» сыныбы «Алға» тобынан  бес оқушы,7 «А» сыныбы «Болашақ» тобынан бес оқушы қатысты.Көрермендер ортасында «Бақытты сәт» сұрақ- жауап ойыны ұйымдастырылды. .(ЭкоChallenge) Бағдарламасы бойынша өткізілген интеллектуалды ойын сайысы қызықты әрі кең көлемде өткізіліп,оқушылар экология,табиғат туралы тың мәліметтер алды.



Просмотров: 365

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год