Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Табиғат тазалығы-адамзат амандығы» атты мәнерлеп оқу сайысы

Сайыстың мақсаты:  Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Экологияны  қорғауға тәрбиелеу.Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар мына критерилер бойынша бағаланды :өлеңнің авторы мен тақырыбын білуі,өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлең сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы.Сайыс барысында әр оқушы өзі таңдап алған өлеңдерін ерекше саз, мәнер, нақышпен оқыды.

Сайыскерлердің жақсы дайындықтары көрініп-ақ тұрды, өздерінің қара сөздің шебері  екендігін дәлелдеп,  экология туралы   өлеңдерін ерекше  сезіммен  жеткізді. Сайысқа оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сынып оқушылары қатысты.  

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар бойынша:

1-орын Мақсат Асемай 8-сынып оқушысы

2-орын Сейдуалиева Жания 6-сынып

             Пармаш Арайлым 5-сынып

3-орын Нарденова Бибіханым 6-сынып

             Амангелді Айсұлтан 9-сынып

              Тайланова Камила 5-сынып

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар бойынша:

 2-орын Павленко Екатерина 7-сынып

             Омиралиева Элина 5-сынып

3-орын  Солодовников Ждан 5-сынып

             Захарченко Диана 5-сынып

             Нурдинова Ангелина 9-сынып

  Байқауда әуезді әуендер шырқалып, байқау қатысушылары мен қонақтарының көңілдерін көтеріп, байқаудың қызықты өтуіне септіктерін тигізді. Байқау өте тартысты болды. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы сөз сөйлеп, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.Аталмыш сайысқа жауапты қазақ тілі мент әдебиет мұғалімдері Жусупова Гүлмира Сеитқызы ,Баеекева Айнұр Камалиденқызы.

 



Просмотров: 363

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год