Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

 


Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения
"Средняя школа № 16 имени Толегена Айбергенова" акимата города Астана
г. Астана ул. Кенесары, 81 


  
                                                                                       

8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

.

«Жас сарбаз» қозғалысы аясындағы жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу

5 қазан күні мектебімізде Әуе қорғаныш күштері бас қолбасшысының орынбасары ҚР ҚК ӘҚК тәрбие және идеологиялық жұмыстары бас басқармасының бастығы, полковник Ыбыраев Әлім Әбутәліпұлы мен ҚР Әуе қорғаныс күштерінің шебер-сержанты Баймұханов Руслан Ақмұратұлы «Жас сарбаз» қозғалысы аясындағы жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Әскери-патриоттық тәрбие беру негізінде өткізілген ерлік сабағында Әуе қорғаныс күштерінің жұмысы, атқаратын қызметтері туралы айтылып, еліміздегі тұңғыш әскери ұшқыш қыз Ардана Ботайдың бейнеролигі көрсетілді. Кездесуде қатардағы сарбаздар: Адилбай Нұрболат Сағынышұлы, Жалқыбаев Меркат Сакенұлы, Бидилдаев Адиль Ермуханұлы да болды. Олар өздерінің әскердегі өмірлері мен қызықты сәттері туралы айтып, Отан алдындағы әскери борышын өтеудің маңызын түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, қатардағы сарбаздар ән шырқап, барлығы естелік суретке түсті.
Осындай танымдық кездесулер мен ерлік сабақтарының өткізілуі оқушыларға рухани тәрбие сыйлауда аса маңызды


Просмотров: 274

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Полезные ссылки

г. АСТАНА 2024 год, Средняя школа №16 им.Т. Айбергенова
ул. Кенесары, 81 тел. 8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год