"Екі жұлдыз" ән байқауы
Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте 2 наурыз күні 1-сынып оқушылары мен ата- аналар арасында «Екі жұлдыз" ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас жеткіншектердің өнерге қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілде ән салу, ата-ана мен мектеп арасында шығармашылық байланыс орнату, балалар тәрбиесіне бірлесіп көңіл бөлу.
Байқауға 8 оқушы мен. 8 ата-ана қатысып, олардың өнерлерін әділ-қазылар алқасының мүшелері: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Исанова Сәуле Абылайқызы, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Горбаченко Маргарита Николаевна және музыка пәні мұғалімі Абишева Айгул Кенжеболаткызы бағалады.
Сайыскерлеріміз төмендегідей нәтижені көрсетті:
"Бас жүлде" - 1"Б" сынып оқушысы Юпова Махаббат, ата - анасы Юпов Қайыржан Қайырбекұлы. 1 орын - 1"Е" сынып оқушысы Дурнева Арина, ата-анасы Дурнев Вадим Александрович.
2 орын - 1"Г" сынып оқушысы Раматуллаева Жасмин, ата-анасы Убисов Берекет Раматуллаұлы. 2 орын - 1"В" сынып оқушысы Тулекова Айя, әжесі Тулекова Жанар Дайырбайқызы
2 орын - 1"М" сынып оқушысы Оразынбетов Марсель, ата-анасы Жанадилова Агира Болатқызы.
3 орын - 1"К" сынып оқушысы Жанысбек Қуаныш ата-анасы Бақтыбаев Анвар Жанысбекұлы.
3 орын - 1"Д" сынып оқушысы Сагандыков Амир ата-анасы Сагандыкова Әйгерім Ризақызы.
3 орын - 1"З" сынып оқушысы Сарымамет Оглы Мариям және апасы Капар Зульфия Адиловна.
Барлық қатысушы оқушыларға "Қазақ ертегілері" кітабы естелік үшін сыйға тартылды.
Байқауды ұйымдастырған қазақ тілі пәні мұғалімі Асемова Гүлмира Хамраханқызы.
Просмотров: 295
Комментарии