"Оқуға құштар мектеп" жобасы
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген тәмсілге ден қойған дана халық бала дегенде ет жүрегі елжіремей қоймас. Адам баласының өмірге деген көзқарасы мен талғамы да балалар әдебиетімен қалыптасады. Демек, балалар әдебиеті – ұрпақ тәрбиесінің тал бесігі, тағылым, тәлім ордасы дей келе бүгін, Төлеген Айбергенов атындағы #16 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, атақты ақын Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша бастауыш сынып оқушыларының "Жыр оқимын жүрегіммен" мәнерлеп оқу және "Мен қазақша сөйлеймін" атты орыс тілді бастауыш сыныптар арасында ашық іс -шара өтті. Оқушылар ұлы ақындардың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып, бала кезімізден құлаққа сіңген ертегілерден көріністерді көрсетті. Заманауи мультфилимдерге орыс сынып оқушылары дубляж жасады.
Аталмыш іс-шараға ата-аналар, белгілі ақын Төлегентанушы Оспан қажы Сүлейменұлы қатысты.
Просмотров: 375
Комментарии