“Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз” атты тәрбие сағаты
“5 қыркүйек- Тілдер мерекесі” күніне орай 9 қыркүйек күні мектебімізде “Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз” атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырың мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан Мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Тәрбие сағатында оқушылар тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар ұлттық би билеп, ән шырқалды. “Бірлігі кеткен ел жаман” тақырыбында үш бидің көрінісі қойылды.
Просмотров: 529
Комментарии