«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында вебинар
Бүгін, қарашаның 13-і күні Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарды жүргізген спикер Исатаева Салтанат Көшербайқызы.
Мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Вебинарда "Тапсырма әзірлеу алгоритмі", "Ашық тапсырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері", "Бағалау критерийлері", "Ойлау деңгейінің дағдылары", "Тапсырмаларды әзірлеуді жоспарлау" тақырыптары бойынша мәлімет беріліп, өзекті сұрақтар талқыланды.
Просмотров: 382
Комментарии