Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

 


Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения
"Средняя школа № 16 имени Толегена Айбергенова" акимата города Астана
г. Астана ул. Кенесары, 81 


  
                                                                                       

8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Школьный инспектор
капитан полиции
Калиакпарова Гульмира Тлеугабыловна

тел 8 7774590008
 

Дарынды бала -болашақ кепілі

Бүгін, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында «Дарынды бала – ұлт болашағы» атты дарынды балалармен әдеби кеш өтті.
Әдеби кешке «Qazaq Epos» қоғамдық қорының «Тұлпар мініп, ту алған!» атты аудандық байқауына қатысып арнайы «Дипломды» иеленген 9 "А" - сынып оқушысы Асылбек Нурислам, 6 "Ә" сынып оқушысы Абдурашидов Элмурод,
жүлделі ІІ орынды иеленіп 100 000 сыйақыға ие болған 6"А' - сынып оқушысы Мырзагелді Ұлдана, Яссауи бабамыздан тәлім алған, 40 хикметін мәнерлеп жатқа оқыған, қасиетті Түркістан жеріне республикалық «Яссауи оқуларына» қатысып арнайы «Дипломмен» оралған Жаңбырбек Ақарыс шақырылды.
Оқушылар байқауға жаттаған өлең, жыр, хикметтерін оқып, сонымен бірге басқа да жаттап жүрген бірнеше өлеңдерін оқып көрерменді таң қалдырса, залда отырған көрермендер арасынан да дарынды оқушылар қалыс қалмай өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып ат салысты.
Кеште ақындар: Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев,Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырза-Әлі, Ыбырай Алтынсариндердің өлеңдері оқылды.
Мектеп директоры Айтмухаметова Балжан Каиртаевна дарынды оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, естеліке ұлы Абай Құнанбайұлының кітабын тарту етті.
Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Салметова Ақмарал Өткірқызы оқушылардың шығармашылығына табыс тілеп, ары қарай мектебіміздің оқушыларын шығармашылық байланысқа шақырды.
Мемлекеттік тіл бойынша мектеп директорының орынбасары Жусипова Гаухар Жетебайқызы дарынды оқушыларға өзінің жүрекжарды тілегін өлеңмен жеткізіп шабыт берді.
Дарынды оқушылардың жетекшілері Кембаева Назира Камашқызы, Жусупова Гүлмира Сеитқызы шәкірттеріне алғыс айтып, ақ жол тіледі.
«Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді» демекші, өсіп келе жатқан жас буынның қабілетін ашып, бәйгеге қосар тұлпардай баптау әрбір ұстаздың міндеті.


Просмотров: 384

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Полезные ссылки

г. АСТАНА 2023 год, Средняя школа №16 им.Т. Айбергенова
ул. Кенесары, 81 тел. 8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год