Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Ұстаз-саған мың алғыс» тақырыбында әдеби кездесу

Бүгін, қазан айының 4-і күні ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасында
ҚР-ның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім саласының үздігі, “Құрмет” белгісі ордені, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің иегері ақын, ардагер ұстаз Оспан Сүлейменұлымен «Ұстаз-саған мың алғыс» тақырыбында әдеби кездесу өтті.
Ақын, ардагер ұстазбен кездесуге №16 Төлеген Айбергенов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.
Сұхбат барысында Оспан Сүлейменұлының ақындығы мен ұстаздығынан басқа бірнеше қыры бар екенін білдік.
Ол кісі өз сөзінде ұстаздық еңбек жолын бастаған күннен-ақ, өнерді қатар алып жүргені, қаншама шәкірттерді айтыс өнеріне, ақындық өнерге баулып, қазақтың киелі домбырасымен күй орындап, өлең жазып, ән жазып, сонымен бірге ансамбльде жетекші болып, әйгілі дирижер Нұрғиса Тілендиевтен дирижерлік курсты оқығандығы туралы айтып өтті.
Күй өнерінде жүрген талантты жастармен бірге әлемнің 30 елінде болып қазақтың күй өнерін әлемге паш еткені, «Қазақ ұлттық музыкалық мектебінің» қалай ашылғандығы үлкен еңбектің нәтижесі.
Сондай-ақ, «Бақытқа жет, жас ұрпақ!», «Ұстазға тағзым», «Ұлы сапар әсерлері» сынды кітаптардың авторы, 350-ге жуық мақалалары қазақ басылымдарында жарық көрсе, ақын, ұстаз туралы өзгелер жазған мақала одан бірнеше есе көп екендігін ақпараттар мен деректер дәлел етті.
Кездесу барысында ақынның өлеңіне жазылған әндер орындалды, өзі де авторлық әндері мен күйлерін орындады. Әр әннің өзіндік бір тарихы бар екенін тарқатып айтты.
16 мектептің оқушылары да ақын Оспан Сүлейменұлының өлеңдерін оқып, Төлеген Айбергеновтің өлеңдерін жарыса оқып берді. Күйші оқушыларымыз күй орындап әдеби кездесу көңілді кешке ұласты.
Бүгін біз қазақтың тағы бір ақыны, ардагер ұстаз, сегіз қырлы, бір сырлы талант иесімен жақыннан таныстық. Оқушылар рухани күш алып, арадагер ұстаздың ақ батасын алып қайтты.


Просмотров: 324

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год