Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Соңғы қоңырау

Бүгін – 25 мамыр. Ұлы даланың барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн. Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үнімен тебіреніп, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» (Мұқағали Мақатаев) алтын ұя – мектептерімен қимай қоштасар сәт. Білімнің ордасы, жылылықтың мекеніне айналған мектеппен қош айтысар түлектердің жадында мәңгі жатталатын шақ. Дәл осы күні жүректері дүрсілдеген жеткіншектер қияға қанат қағады. Осы мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласы «Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде» «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді. Жас түлектердің мектеп тарихында қалу мақсатында, мектебіміздің дәстүріне айналған ағаш отырғызу рәсімі - білім ордасының ауласында жүргізілді.
Іс-шарада санитарлық талаптар қатаң сақталды. Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қойылды. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтті.
Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенеміз. Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілейміз! #ns_bilim_25may


Просмотров: 281

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год