IV Республикалық дәстүрлі «Қадыр оқуларының» қалалық кезеңі
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлі қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы IV Республикалық дәстүрлі «Қадыр оқуларының»
қалалық кезеңінде Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары іріктеліп алынып, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп оқушылары жақсы нәтиже көрсетті:
1. «Сөзім барда – өзім бар» - мәнерлеп оқу номинациясына 24 оқушы қатысып,
Асылбек Нурислам 8 «А»- сынып оқушысы -3 орынды иеленді, жетекшісі Жусипова Гаухар Жетебаевна.
2. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» - жазба ақындар мүшайрасы номинациясына 20 оқушы қатысып ,
5 «Б»-сынып оқушысы Сманов Дулат- 1-орынды иеленді, жетекшісі Шакирова Динара Сьезбековна
3. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» ән орындау номинациясына 18 оқушы қатысып –
5 «А»-сынып оқушысы Нұрғали Аида-3-орынды иеленді, жетекшісі Жусупова Гүлмира Сеитовна. Құттықтаймыз!
Просмотров: 310
Комментарии