Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Ата-аналар жиналысын ұтымды өткізудің он құпиясы

Ата-аналар жиналысы мектеп өмірінің ажырамас бір бөлігі. Оны қалай қызықты әрі жемісті етуге болады? Бұл жас сынып жетекшілерге өте пайдалы болуы мүмкін. 

  1. Ата-аналар жиналысын өткізуге қолайлы күн және сағатты таңдауға тырысыңыз, бұл уақытта өзіңіздің де, оқушыларыңыздың ата-аналарының да маңызды шаруылары, қызықты телехабарлар және т.б. болмасын.
  2. Сыныпта ата-аналардың орналасуына көңіл аударыңыз. Мысалы, ата-аналар жиналысының қатысушыларын бірін-бірі көріп жақсы естулері үшін, үстелдер мен орындықтарды дөңгелете қоюға болады.
  3. Ата-аналардың аты-жөндері жазылған есімхаттар дайындаңыз, әсіресе бірін-бірі әлі жақсы танымаса.
  4. Ата-аналармен бірге жиналысқа қатысушылар үшін ережелер жасаңыз. Мысалы: сырт киімді шешу міндетті; мәселені талқылауда үнсіз қалуға болмайды; ұсынысты (пікірді) қайтарғанда, қарсы ұсыныс айту қажет; бірін тек қана аты-жөнімен немесе есімімен атау және т.б.
  5. Жиналысқа шақырылған адамдардың уақытын үнемдеңіз. Осы мақсатта регламент бекітіп, сақталуын қадағалаңыз.
  6. Ата-аналардың қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін жиналыс барысында топтық ойындар қолдануға болады.
  7. Ата-аналар жиналысындағы қарым-қатынастың еркін және ашық болуына бір кесе шай көмектесе алады. 
  8. Мәселені талқылаған кезде беделді ата-аналардың өмірлік және педагогикалық тәжірибесіне, ата-аналар комитеті және мектеп кеңесі мүшелерінің пікіріне сүйеніңіз.
  9. Жиналыста нақты шешімдердің қабылдануына ұмтылыңыз.

 

Ата-аналар жиналысында сынып жетекшінің өзін-өзі ұстау тәртібі  

  1. Ата-аналармен кездесер алдында педагог өз бойындағы қорқынышын жеңуі тиіс.
  2. Ата-анарды түсінуге; оларға маңызды мәселені дұрыс анықтауға тырысыңыз. Олардың көздерін мектеп пен отбасының мәселелері, міндеттері, балалары бір екеніне жеткізіңіз.
  3. Ата-аналармен байыпты әрі жақсы сөйлесіңіз. Барлық оқушылардың – сәтті, қауіп тобындағы оқушылардың ата-аналары жиналыстан өз баласына сеніммен қайтуы маңызды.
  4. Ата-аналар жиналысында жұмыстарыңыздың нәтижесінде ата-аналардың балаларын тәрбиелеуде Сіздің қолдауыңыз бен мектептің басқа мұғалімдерінің көмегіне сүйене алатынына сенімі болуы тиіс.

 

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год